2017 жылы Атырау облысы ҚР-да АИТВ аурушаңдығы бойынша көрсеткіші төмен аймақтар қатарында. Бұл шынымын де солай ма, әлде көбі бұ инфекцияны жұқтырғандықтарын жасырады ма? Осы және өзге де сауалдарға Атырау облыстық АИТВ орталығы Эпидемология бөлімінің меңгерушісі Гульнар УМАРОВА (суретте) жауап береді:
- Инфекция жұғудың үш көзі бар: қан арқылы, жыныстық қатынас арқылы және инфекция жұққан ананың жатырындағы балаға жұғуы, яғни жатыр арқылы. 1993 жылы қазан айында алғашқы АИТВ инфекциясын жұқтыру анықталды. Ол кезде осы инфекцияны жұқтырғандардың көбінің тағдыры да жұқтыруы да біркелкі болды. Көбі бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі азаматтар мен азаматшалар болды. 2008 жылдан бастап аталмыш инфекцияның алдын алу мақсатында шаралар қолға алына бастады. Бірақ, қазір сол кездердегідей ине арқылы жұқтырғандардың емес, жыныстық жолмен жұқтырушылардың саны көбейді.
- Атырау облысындағы АИТВ инфекциясымен өмір сүретіндер туралы айтсақ?
- 1993 жылдан күні бүгінге дейін 260 адам АИТВ инфекциясымен анықталған. Оның 65-і шетел азаматтары болса, қалған 195-і ҚР азаматтары. Бір ескерерлігі, 195-і бұл тек қана Атырау облысының азаматтары емес, өзге де облыс азаматтары. Соңғы 10 ай ішінде облысымызда еліміздің 23 азаматынан және 3 шетел азаматынан АИТВ инфекциясын жұқтырғаны анықталып отыр. Шетел азаматтарынан аталмыш инфекция көбінесе Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан азаматтарынан анықталып жатыр.. Өткен жылғы көрсеткішке қарағанда биыл ҚР азаматтары арасынан 4 жағдайға өсіп отыр.
Анықталған 23 адамның – 14-і ер адамдар және 9-ы әйелдер, жиі жұқтыратын 20- 39 жас аралығындағылар. Республикалық рейтинг бойынша, Атырау облысы АИТВ таралымы өте төмен облыспыз. Бұл әрине қуантатын жағдай.
- Осы инфекцияға сараптаманы қалай аласыздар?
- Ешқандай талдамасыз біз адамда инфекция бар ма, жоқ па, анықтай алмаймыз. Зертханалық тексерістен соң ғана анықтай аламыз. Орталыққа кез келген уақытта келіп, тапсыруға болады. Жергілікті ауруханадан жолдама арқылы немесе анонимді түрде тапсыра алады. Анонимді түрде тапсырғанда тек қана туған жылын ғана көрсетеді. Өзінің есімінің орнына код қойылып, сол бойынша зерттеу нәтижесін алып, тіпті инфекция анықталған жағдайда сол код арқылы тіркеуге де тұра алады. Нәтижені келесі күні түстен кейін ала алады.
- Сен «АИТВ жұқтырдың». Бұл сөзді ескерту дәрігерлеріңізге қаншалықты ауыр тиеді?
- Біз ешкімге айта алмаймыз. Ол адамды біз заң бойынша қорғауымыз керек. Оның жұқтырғанын тек қана өзі білетін болады. Одан өзінің АИТВ дәрежесін біле тұра, барлық талаптарды сақтайтындығы жөніндегі қолхат алынады. Әдетте адамдар өздерінің аталмыш инфекция жұқтырғанын білген кезде қатты күйзеледі. Айта кетерлігі , жұқтырғандардың 85% жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар. Жыныстық қатынаспен жұққанда инфекция симптомдары бірден білінбейді. Сол себепті адам ойында күдік туындаса, бір ай мен үш ай аралығында анализ тапсырып тұру керек. Сонда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.
- Инфекция жұққан адамдарды емдеуге арналған вакцина әлі ойлап табылмады. Оларды емдеу қалай жүзеге асады?
- 116 адам АИТВ-ге қарсы түрлі ем-домдарын алады. Негізі АИТВ-нің 4 даму сатысы бар: алғашқысы - белгілері жасырын, сырт көзге сау адам секілді, екінші саты - алғашқы белгілері байқала бастаған кезі, үшінші сатысы - өзге де аурулар қосылып, күрделенуі, соңғы сатысы - термональды сатысы, яғни ЖИТС(СПИД). Келесі сатыға көшпеуі үшін түрлі препараттармен тежейміз. Тіпті препараттардың арқасында ұзақ жасап жүргендер де бар.. Ескертетініміз, ем-домды барынша ертерек бастағаны дұрыс.
...Орталықтан шыға берісте бойжеткенді кездестіріп, сөзге тартқан едім:
- 3 айда бір рет келіп тексеріліп тұрамын. Анонимді түрде. Зерттеу нәтижелерім теріс. Жұқтырып аламын ба деп қорқамын, сол себепті осы орталыққа жиі келемін.
- Не үшін қорқасың?
- Жігітіммен жыныстық қатынаста жиі боламын. Мүмкін ол басқа біреумен болып, инфекция тасымалдайтын болар. Білмеймін ғой!
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор