Атырау облысында қасқырлар саны азайды. Алайда аңды апанында ұрып алудың орнына болашақ ұрпақ үшін қасқырларды сақтау керек деп қайтадан ұрандатып жатыр.
Өткен жылы «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы» (ҚБСҚ) РҚБ 2017 жылға облыстағы қасқырларды атуға биологиялық негіздеме әзірледі. Соған сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жабайы аңның бас терісі үшін сыйақы 20 мыңнан 25 мыңға дейін көбейтілген.
ҚБСҚ қорытындысынан: «2010 жылғы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес, қасқыр саны реттелуі тиіс жануарлар түрлеріне жатады. 2010 жылы Атырау облысында қасқырлар саны 3900 бас..., 2016 жылы – 3020 басты құраған.
2015 жылы облыста ресми түрде 244 қасқыр мен 14 қорқау қасқыр ауланған. Облыстық бюджеттен аңшыларға 6,5 млн теңге сыйақы бөлінді».
Ғалымдар қасқырлардың популяциясын тұрақты түрде жартылай азайтып отыруға болады деген тұжырымға келді. Олардың пікірінше, жабайы жануарлардың бұл түрі, тіпті, популяцияның 80-90%-ына дейін төзуі мүмкін, өйткені, оларда өсіп-өну мен өміршеңдік жоғары. ҚБСҚ да Атырау облысында популяцияның жартысы көлемінде – 1510 бас қасқырды атуға рұқсат берді.
Ал, жергілікті аңшылардың айтуынша, Қызылқоға мен Индер аудандарында қасқырлардың барлығының көзі жойылған, олардың терілерін Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының атқыштар бригадасы алып кеткен. «Гастролерлер» далада апталап шатырларда тұрып, қасқырларды жүздеп соғып алады. Біздің өңірімізге олар өздеріндегі қасқырлардың барлығын жойғандықтан келеді. Жолай қармен жүретін көлікпен даладағы бүкіл жануарларды: қабанды, шілді және т.б. атып алады.
Жергілікті атқыштар басқа жақтан келетін әріптестері үшін қармен жүретін көлікті пайдалануға тыйым салып, ал қасқыр аулауға тек лицензия бойынша ғана рұқсат беруді ұсынады.
Аңшы ҚАЛДЫБАЙ (Атырау қ.) әңгімелейді:
- Арлан қасқыр қашан да қазақта ұлы батылдықтың символы деп есептеледі. Қасқыр аулау жүріп жатқан кезде арлан ұрпағын бір бағытта жібереді. Ал өзі аңшылардың назарын өзіне аудару үшін басқа бағытта жүреді. Осы кезде аталық қасқырлар көп өледі. Облыстың кейбір аудандарында арландар түгелдей жойылды. Нәтижесінде үй төбеттерімен шағылысады. Қыркүйекте Қызылқоға ауданының Қарабау ауылында мен өзім жергілікті иттермен «достасқан» екі ұрғашы қасқырды өлтірдім.
Қасқырлар санының азаюына қатысты ахуалды облыстық аңшылар қоғамының төрағасы Асылтек ИСПУСИНОВ растады.
- Бұл рас. Бірақ мен қасқыр аулауды жалғастыруды қолдаймын. Бұл табиғаттағы көшу заңы: бүгін жоқ болса, ертең пайда болады!
ҚБСҚ қорытындысынан: «Баспасөздегі табиғат санитары ретінде қасқырларды қорғау туралы жарияланымдар жыртқыштарды атқаны үшін сыйақы марапаттарының жойылуына және қасқырлар санының көбеюіне әкеледі».
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ