Атырау, 28 қараша 21:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресей Бас штабының делегациясын АҚШ-қа кіргізбеді

2 176 просмотра


АҚШ Ресей қарулы күштері бас штабының делегациясына виза беруден бас тартты. Генералдар, оның ішінде Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Андрей Третьяк, Қытай билігі өкілдерімен бірге БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс күштерін орналастыру мәселесі бойынша брифингке қатыспақ болған.

Ресейліктерге виза беруден бас тартылғаны туралы 12 қазанда Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының қарусыздану мәселесімен айналысатын Бірінші комитетінің жиынында Ресей қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери ынтымақтастық бас басқармасының бастығы Александр Емельянов хабарлады. Жиынға Ресей тарапынан қорғаныс министрлігінің бірнеше өкілі ғана қатысты, бірақ бас штабының делегациясын АҚШ-қа кіргізбеген.

Дереккөз: Азаттық

13 қазан 2017, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.