Атырау, 28 қараша 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Футболшы Джордж Веа Либерия президенті болып сайланды

1 899 просмотра

Фото: Еurosport.ru

1995 жылы Еуропаның ең үздік футболшысы ретінде «Алтын доп» иегері атанған Джордж Веа Либерияның жаңа президенті болып сайланыпты. Бұл ақпаратты шетелдік басылымдардың көбісі жергілікті «National Accord» газетіне сілтеме жасап, таратып жатыр. 

Либерияда президент сайлауы сейсенбі күні өткен. Оған халықаралық қадағалаушылар да ат салысқан. 2,1 миллионнан астам дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру қорытындысы бойынша 51 жастағы Джордж Веа жеңіске жеткен. Ол Либерияның қазіргі вице-президенті Джозеф Бокайдан асып түскен. Сөйтіп, Джордж Веа енді мемлекет басшысы Элен Джонсон-Серлифті ауыстырады. 

Осы ретте айта кетейік, Джонсон-Серлиф 2011 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атанған, екі рет алты жылдық мерзімге президент болып сайланған болатын. 

Естеріңізде болар, Джордж Веа 2005 жылы да президентік сайлауға түскен. Бірақ екінші орын алып, дәл осы Элен Джонсон-Серлифтен аса алмаған. 

Веа 1981 жылдан 2003 жылға дейін футбол ойнап, шабуыл өтінде ойқастаған. Ол Еуропада «Монако», «Пари Сен-Жермен», «Марсель», «Челси», «Манчестер Сити», «Милан» сынды әйгілі клубтардың сапында ойнаған. Веаның бір ерекшелігі, ол – ұлттық құрамасы әлем чемпионатында ойнамаса да, «Алтын доп» иегері атанған әлемдегі жалғыз футболшы. Италияның екі дүркін чемпионы, Франция чемпионы және кубогының үш дүркін жеңімпазы. Англия кубогының иегері. «Алтын допты» айтпағанда, 1995 жылы ФИФА тұжырымы бойынша ең үздік футболшы атанған. Үш рет Африканың ең үздік футболшысы болып танылды. Футболшы ретіндегі карьерасын 2003 жылы тәмамдаған. 

Алайда 2007 жылы Либерия ұлттық құрамасы сапында бір ойын өткізген. Ең соңғы өнер көрсеткен командасы – «Әл-Жазира» (БАӘ, 201-2003 жылдар). Содан бері саясатқа бет бұрып, гуманитарлық және қоғамдық қызметпен айналысқан.

Дереккөз: Sportsffa.kz

12 қазан 2017, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.