Біріккен Араб Әмірлігі ресми өкілдерінің бірі жақында Катардан арадағы салқын қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін орынсыз талап қойған.
Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазды. 8 қазан күні Біріккен Араб Әмірлігі Дубай қауіпсіздік бөлімінің лауазымдысы Ричад Халфан Твиттер парақшасында: «Егер Катар 2022 жылғы сол елде өтетін Футболдан әлем чемпионатын өткізуден бас тартса, барлық қиындықтардан құтылады», – деп жазған. Дегенмен, бұл қисынсыз талапқа Катар билігі дейін жауап қайтармады.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың маусым айында Сауд-Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн, Мысыр қатарлы төрт ел Катарды «терроризмді қолдап, аймақтардың тыныштығын бүлдірді» деп айыптап, дипломатиялық байланысты үзген еді. Барлық барыс-келісті түбегейлі тоқтатып, Катар дағдарысы деп аталатын геосаяси дағдарыс қалыптастырған болатын. Катар үкіметі бұл айыптаулардың барлығын терістеген. Ал, байланысты жақсарту үшін әлемдік футбол додасын тоқтату сынды талабына, Катар жақтың қандай жауап қайтаратыны беймәлім.
Дереккөз: qazaqtimes.com