Атырау, 28 қараша 21:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Чехия преизденті Украинаға Қырым үшін "өтемақы" төлеуді ұсынды

2 038 просмотра


Чехия президенті Милош Земан (суретте) Украинаға Ресей аннексиялаған Қырым үшін ақшалай немесе энергия қуатымен өтемақы төлеуді ұсынды.

Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының сессиясында 10 қазанда баяндама жасаған Земан Еуропа Одағының Ресейге қарсы енгізген санкцияларын сынады.

Оның пікірінше, бұл санкциялар Кубаға қарсы енгізілген санкциялар секілді, елде "қоршау қамалы синдромын" туғызады. Қырым туралы айтқан ол Германияның бұрынғы президенті Йоахим Гауктың түбекті Украинаға күшпен қайтару мүмкін еместігі туралы сөзін келтірді. Сол себепті ол Киевке қаржылай немесе мұнай және газбен "өтемақы" төлеуді ұсынды.

Земан бұл ұсыныс өзінің жеке пікірі екенін ескертті. Чехияда сыртқы саясатты Ресейге қарсы санкция енгізуді жақтайтын үкімет жүргізеді. Милош Земан бұған дейін де санкцияарды сынаған. Бұған қоса, ол Қырым аннексияланған соң Мәскеуге сапарлап барды, биыл қараша айында Ресейге тағы да сапарлауды жоспарлап отыр. Земанның қарсыластары оны Ресейді жақтайтын саясаткер деп сынайды.

Украинаның Чехиядағы елшісі Евгений Перебийнис Земанның бұл ұсынысын "арсыздық" деп атады. Бұған қоса ол Украина "өз аумағы мен азаматтарының еркіндігін саудаламайтынын" мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық

11 қазан 2017, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.