Атырау, 17 мамыр 14:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Тбилисиде полиция мен оппозиция жақтастары қақтығысты

1 462 просмотра


Тбилиси ратушасының маңында полиция мен оппозициялық "Ұлттық қозғалыс" партиясының белсенділері қақтығысып, 8 адам қамауға алынды. Белсенді топ миллардер Бидзина Иванишвилимен байланысы бар компанияға биліктің "Еркіндік алаңындағы" жер телімін беруіне наразылық білдірді.

Полиция оппозициялық партия өкілдерін қалалық кеңес жиналысына жібермей қойған соң басталған. Конституция бойынша, жергілікті орган жиналыстарына Грузия парламентінің өкілдері қатыса алады. Бірақ Тбилиси қалалық кеңес төрағасы жиналысты "жабық өтеді" деп жариялаған. Мұнда Иванишвилидің бір компаниясына жеті жұлдызды қонақ үйге қажетті жер телімін беру мәселесі талқыланған.

Оппозиционер депутаттар полиция қоршауын бұзып өтуге тырысқанымен, полицияның қарсылығына тап болды. Полиция бірнеше белсендіні қамауға алған. Оларға әкімшілік жаза белгіленеді.

Тбилиси қалалық кеңесі оппозицияшыл депутаттардың наразылығына қарамастан, биліктегі басымдыққа ие "Грузия арманы" партиясының депутаттары жер телімін компанияға беру туралы шешім шығарды.

Дереккөз: Азаттық

11 қазан 2017, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.