Атырау, 25 сәуір 06:01
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мессидің хет-тригі Аргентина құрамасын әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне алып шықты

Бейнежазба
1 851 просмотра


Футболдан Аргентина құрамасы 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шықты. 

Оңтүстік Америка құрылығының соңғы іріктеу матчында Аргентина құрамасы түзде Эквадормен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң қожайындары сарында Ромарио Ибарра (бірінші минут) гол соқса , қонақтар сапында Лионель Месси хет-триктің (12, 20 және 62 минут) авторы атанды. 

Осылайша Аргентина құрамасы 28 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде үшінші орын алып, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды. Оңтүстік Америкадан әлем біріншілігінің сондай-ақ Бразилия (41 ұпай) мен Уругвай (27 ұпай) құрамалары тікелей жолдама алып отыр. 

Ал Перу (26 ұпаймен) құрамасы 26 ұпаймен бесінші орынға жайғасып, Жаңа Зеландиямен тоғыспа кездесуде қатысуға мүмкіндік алды. 


Дереккөз: Vesti.kz


11 қазан 2017, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.