Атырау, 28 қараша 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тәуелсіздік жариялау үшін референдум жеткіліксіз – Барселона мэрі

2 243 просмотра


Барселона мэрі Ада Колау 1 қазанда өткен референдум нәтижесі Каталонияның тәуелсіздігін жариялау үшін жеткіліксіз деп санайды.

«Қазіргі жағдайда 1 қазанның (референдумның) нәтижелері тәуелсіздік жариялауға кепілдік бола алмайды», - деді ол.

Алайда Колау референдум нәтижесі диалог үшін негіз болуы мүмкін екенін айтты.

Барселона мэрі Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемонды автономды қоғамдастықтың тәуелсіздігін біржақты жарияламауға шақырды.

«Біз қоғамның тұтастығына қауіп төндіре алмаймыз», - деген Колау дәл қазір Испания демократия қалпына келген сәттен бері ең ауыр институционалды дағдарысты бастан кешіріп жатқанын мойындады.

Колау Испания премьер-министрі Мариано Рахой мен женералитет басшысы Карлес Пучдемонды «диалогқа арналған кеңістіккке кесірін тизігуі мүмкін шешім қабылдамауға» шақырды. «Бұл ең батыл әрекет болар еді», - деді Каталония орталығының мэрі.

Ада Колау біраз үзіліс алып, келіссөздер үстеліне отыруға үндеді.

«Қазір диалог пен жаңа жолдар іздеудің уақыты», - деді Колау.

Ол, сондай-ақ, Рахойды конституцияның автономия мәртебесінен айыру мүмкіндігін қарастыратын 155-бабын қолданбауға шақырды. Колаудың пікірінше, Каталониядан Ұлттық полиция мен Азаматтық гвардияны шығарып, аймақтағы ахуалды қалпына келтіру қажет.

Қала басшысы соңғы күндері тәуелсіздікті жақтайтындармен қатар, оған қарсы шыққандар да көшеге шыққанына назар аударды.

«Олардың бәрі өз пікірін білдіруге құқылы», - деп атап өтті мэр.

Айта кетсек, Каталония тәуелсіздігін жариялау туралы референдум 1 қазанда өтті. Испания билігі референдум нәтижесін мойындамай отыр. Сол күні полиция мен дауыс берушілер арасында қақтығыс болып, екі тарап та зардап шекті. Референдум нәтижесі бойынша азаматтардың 90,18%-ы тәуелсіздікті жақтап дауыс берген.

Испания королі Фелипе VI Каталония үкіметі заңсыз референдум өткізу арқылы Испания бірлігін бұзуды көздейді деп мәлімдеді. Мариано Рахойдың үкіметі Каталония заңға бағынбайынша, билікпен қандай да бір келіссөз жүргізуден бас тартып отыр.

10 қазанда өтетін отырыста каталон парламенті, 6 қыркүйекте қабылданған референдум туралы заңға сәйкес, біржақты тәртіпте Каталония тәуелсіздігін жариялауы мүмкін.

Дереккөз: Вaq.kz 

10 қазан 2017, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.