Атырау, 28 қараша 21:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Трамп: АҚШ армиясы дауыл алдындағы тыныштық күйінде тұр

1 609 просмотра

Фото: NDTV Gadgets

АҚШ Қорғаныс министрі Жим Меттис мәлімдеме жасап: «Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореяның ядролық қару-жарақ бағдарламасын тоқтату үшін дипломатиялық және экономикалық қысым жасауға дайын», – деді. 

Ол ескерту жасай отырып, қарулы күштердің де келіссөздің сәтсіз аяқталуына жол бермеу үшін дайын тұрғанын атап өтті. Бұл туралы “WSJ” басылымы хабарлады. Меттис сөзінде Корей түбегінде соғыс болған жағдайдағы барлық сұмдық оқиғаларды атап өтті. 

Сонымен бірге АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Біріккен Ұлттар Ұйымы дипломатия мен санкцияларда жетекшілік ететінін айтты. Жим Меттис АҚШ қарулы күштерінің кезекті жиналысында дипломатиялық құралдар мен экономикалық санкциялар арқылы Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтату кезек күттірмейтін іс екенін баса айтты. Бұл дүбірлі отырысқа одақтас елдердің байланыс офицерлері мен қорғаныс мердігерлері де қатысты. 

Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптаның соңында Солтүстік Кореямен жасалатын келіссөздің әлдеқашан сәтсіздікке ұшырағанын, ал АҚШ армиясының «дауыл алдындағы тыныштық» күйінде тұрғанын айтқан еді.

Дереккөз: qazaqtimes.com


10 қазан 2017, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.