9 қыркүйекте президент әкімшілігі мен жергілікті мәслихаттың мақұлдауымен Қызылқоға ауданының әкімі болып Арман Бәженов тағайындалды. Бұған дейін ол облыстық жер қатынастары басқармасын басқарған.
Аудан орталығы Миялыға сапары барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ аудандық мәслихаттың депутаттары мен шенеуніктерге ауданның бұрынғы әкімі Мақсот МҰҚАНОВТЫ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы қызметіне ауыстырғанын хабарлады.
Шалғайдағы ауданның жаңа басшысы АМжГИ мен ҚазҰТУ-ды инженер-экономист және жерге орналастырушы мамандықтары бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызметке 2003 жылы келген, ауыл әкімдіктері мен қалалық жер бөліміндегі қызметінен кейін 2008 жылы облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметіне ауысқан, ал 2015 жылдан бері осы басқарманың басшысы болып еңбек еткен.
Жеке ақпарат