Атырау, 28 қараша 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атамбаев сайлау қарсаңында елде қақтығыстар болады деген қауіпке байланысты іссапарынан бас тартты

2 480 просмотра

Фото: Forbes Қазақстан

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 10-11 қазанға белгіленген Сочиге іссапардан бас тартты. Бұған елде сайлау алдында тәртіпсіздіктер болады деген қауіп себеп. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстан президенті аппаратының қоғаммен байланыс бөлімінің өкілдері мәлімдеді.  

Атамбаев ТМД елдері басшыларының Кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады деп жоспарланған.  

"Жеке саясаткерлердің криминал арқылы сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпынуы, мұндай саясаткерлерді шетелден қаржыландыру деректерінің анықталуына байланысты президент елдегі тәртіп пен қауіпсіздікті жеке бақылауына алу үшін іссапардан бас тартты", - делінген хабарламада.  

Атамбаевтың тапсырмасымен ТМД елдері басшыларының Кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Искаков бастаған делегация аттанады. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


9 қазан 2017, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.