Кеше, 5 қыркүйек бейсенбі күні, Сауд Арабиясының королі Салман ибн әл-Сауд Ресейге ресми сапарлай барып, РФ президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл Сауд Арабия патшасының алғаш рет орыс еліне сапарлай келуі.
Сонымен бірге бұл кездесу Ресейдің Таяу Шығыстағы өсіп келе жатқан ықпалын және екі ірі мұнай өндіруші ел арасындағы энергетикалық одақтың дамуын айқындайды. Бұл туралы «WSJ» басылымы ресми сайтында жазды.
Ресей Сауд Арабиясы басқарып келе жатқан Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (Organization of the Petroleum Exporting Countries) мүше емес. Алайда, 24 елде биылғы жылы келісімшарт бойынша шикі мұнай бағасын көтеру үшін, өндірісті күніне шамамен 1,8 миллион баррельге дейін қысқартты. Осы кезде Ресей негізінен делдалдық рөлін ойнады деуге болады. Сауд Арабиясы және Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына мүше басқа мемлекеттер Ресейдің өндірісті қысқарту келісім шартын келесі жылдың наурыз айына дейін ұзартуына күш салып келеді.
Путин сәрсенбі күні баспасөз мәжілісінде бұл келісімшартты қолдайтынын, әлде қолдамайтынын ашық айтпады. Бірақ, ол сөзінде: «Біз келісімге қол қоймадық, бірақ қол қоятын болсақ бұл шартты 2018 жылдың наурыз айына дейін ғана емес, келесі жылдың соңына дейін ұзартуын талап етеміз», – деген еді.
Сарапшылардың пікіріне жүгінер болсақ, бұл Ресейдің дипломатиялық қадамдарының бірі. Сауд Арабиясының королімен кездесу кезінде Ресей өзгеде серіктестермен келісімге келуге дайын екенін аңғартты. Бұл бір есептен Қырым түбегін аннексиялағаннан кейін Ресейге салынған санкцияның салмағын жеңілдетуі де ғажап емес деп қарайды.
Дереккөз: qazaqtimes.com