Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан электрондық сауда-саттықта мұнайдың бағасы біршама қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 1,2 долларға дейін қымбаттап, 57 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы қараша айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 0,81 долларға қымбаттап, 50,79 долларды құрады.
Дереккөз: ҚазАқпарат