Атырау, 2 мамыр 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Бензовоз өртеніп, екі адам зардап шекті

4 041 рет қаралды
Көрнекі сурет

Қазанда Құлсары қаласында «ҚазМұнайГаз» АҚ-на тиесілі КамАЗ-бензовоз көлігі өртенді.

Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының 44 жастағы жүргізушісі денесінің 80-90%-ын, жүргізушінің көмекшісі, 19 жастағы Өзбекстан азаматы денесінің 20-30%-ын күйік шалған. Зардап шегушінің екеуі де орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Төтенше оқиға «Ғимарат» ЖШС эстакадасында мұнай өнімдерін құю кезінде орын алған. Алдын ала жорамал бойынша: көліктің электр сымдары тұйықталған. ТЖД хабарламасы бойынша, бензовоздың жанында орналасқан «Нива» көлігін де жалын шарпыған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қазан 2017, 20:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.