Атырау, 28 қараша 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды

2 654 просмотра

Фото: АР

Әдебиет бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығын тегі жапон британиялық жазушы Кадзуо Исигуро алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әдебитеттен Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері табысталып келеді. Өткен жылы америкалық ақын әрі музыкант Боб Дилан лауреат атанған болатын.

Айта кетсек, Нобель лауреаттарының есімі қазан айының басында белгілі болады. Сыйлықты табыстау салтанаты Стокгольм мен Ослода жыл сайын 10 желтоқсанда, швед өнертапқышы, химик Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күні өтеді.

Биыл әр Нобель сыйлығының сомасы 9 млн швед кронын (1 млн АҚШ доллары) құрап отыр.

Дереккөз: Baq.kz

5 қазан 2017, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.