Атырау, 28 қараша 21:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Күрдтер Сүрия мұнай кен орындарын басып алды

1 774 просмотра


Күрдістан жұмысшылар партиясы Сүрияның Дейр-эз-Зор провинциясындағы мұнай кен орындарын басып алды – деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі. 

Агенттік мәліметі бойынша, күрдтер Сүрия мемлекетіне тиесілі мұнай кен орындарынан бөлек, Дейр-эз-Зор провинциясының солтүстік-шығысында орналасқан Эс-Сувар және солтүстік-батысында орналасқан Әл-Касра қалаларын да өз иеліктеріне алған. 

Айта кететін бір жайт, Сүрияның ең ірі 11 мұнай кен орыны Дейр-эз-Зор провинциясы аумағында орналасқан. Қазіргі таңда Күрдістан жұмысшылар партиясы солардың біреуін яғни Ефрат өзенінен 22 шақырым жерде орналасқан Сефре кен орынын басып алған. Бұған дейін Башар Асад әскері қыркүйек айында Ефрат өзеніне бет алған Күрдістан жұмысшылар партиясының сарбаздарын тоқтата алмайтындарын мәлімдеген болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com


5 қазан 2017, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.