Еуропарламент Каталония референдумына байланысты дебат өткізбек – деп хабарлайды EUobserver ақпарат көзі.
Қазан айының 4-і күні Еуропарламент Каталонияда өткен референдумға байланысты дебат өткізетін болады. Бұл бастаманы Еуропарламент депутаттарының басым көпшілігі қолдаған. Дебатта депутаттар референдум кезінде Испания билігінің алаңға шыққан қарапайым халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтарын талқылайды деп күтілуде. Еуропарламент басшысы Антонио Таянидің сөзінше, қазан айының 4-і күні парламент депутаттары Испания коституциясын, жоғарғы заң мен адам құқықтарының басты қағидаларын қарайтын болады.
Естеріңізге салайық, қазан айының 1-і күні Каталонияда тәуелсіздік алуға байланысты референдум өткен болатын. Референдумға ел халқының тек 40 пайызы ғана қатысқан. Бірақ референдумға қатысқан халықтың 90 пайызы Каталонияның Испаниядан бөлініп шығуын қалдайтындықтарын айтып дауыс берген.
Дереккөз: qazaqtimes.com