Атырау, 28 қараша 19:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Австрияда бет әлпетті жабатын киімге тыйым салынды

2 244 просмотра


Австрияда 1 қазаннан бастап қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заң күшіне енді.

Ел үкіметі ниқаб пен паранжаға тыйым австриялық құндылықтарды қорғау үшін және интеграцияға септесу үшін салынғанын айтады. Полиция тоқтатып, бетін жауып тұратын киімін шешуден бас тартқан адамға 150 еуро (шамамен 176 доллар) көлемінде айыппұл салынады.

Австриядағы мұсылман топтары бұл тыйымды айыптап, елдегі мұсылмандардың аз ғана бөлігі бетін толық жабатын киім киетінін мәлімдеді.

Тыйым консерватор, сыртқы істер және интеграция министрі Себастьян Курцтің заңға ұсынған түзетулері негізінде қабылданып отыр.

2011 жылы Франция мен Бельгияда бет-әлпетті түгел жауып тұратын киім киюге тыйым салынған. Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты биыл шілдеде мұндай тыйымды заңды деп бекіткен.

Дереккөз: Азаттық

2 қазан 2017, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.