Атырау, 28 қараша 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Дональд Трамп: Солтүстік Корея мәселесіне қатысты келіссөздер жүргізу - уақыт жоғалту

2 049 просмотра


АҚШ Президенті Дональд Трамп "Солтүстік Корея мәселесіне қатысты келіссөздер жүргізу уақытты босқа жоғалту" деп есептейді. Осылайша ол АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның КХДР ядролық қару бағдарламасы бойынша дипломатиялық шешімдер жолындағы әрекетіне наразылық білдірді. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды. 

Мемлекет басшысы өзінің твиттер парақшасында: "Рекс, өзіңнің күш-қуатыңды босқа сарп етпе. Біз жасау керек әрекетімізді жасаймыз!" деп жазды. 

АҚШ Президенті сөйлемнің соңғы бөлігіндегі мәлімдемесі туралы комментарий берген жоқ. Америка Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын біржола тоқтатқанын қалайды. Соңғы рет сынақтан өткізілген сутекті бомба алыс қашықтықтарды еңсеретіні туралы осыдан алдында дабыл қағылып, КХДР қаупін тоқтату мәселесі қызу талқыланған еді. Дегенмен АҚШ-тың саяси ұстанымы ел Президенті Дональд Трамптың жеке позициясымен сәйкес келмейтін сияқты. Өйткені демалыс күндері өзінің твиттер парақшасында ДональдТрамп: "Мен біздің мемлекеттік хатшыға кішкентай "зымыран адаммен" келіссөздер жүргізуге өз күш-қуатын жоғалтпауы керектігін ескерттім", - деп жазды.  

Рейтер ақпараттық агенттігі Дональд Трамп Солтүстік Кореямен келісімдерге келу туралы ойлардан мүлде аулақ екенін айтады. Дональд Трамптың ғаламтордағы мәлімдемесі Рекс Тиллерсонның Пиоңяңмен байланысқа шығудың жаңа жолдары ашылғаны туралы ресми мәлімдемесінен кейін болды. Журналистерге берген сұхбатында мемлекеттік хатшы "Солтүстік Корея келіссөздер үстеліне отырады ма?" деген сауалға "Біз қолымыздан келгенше тырысып жатырмыз, хабар күтіңіздер" деген болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com


2 қазан 2017, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.