Көпшілікке жергілікті браконьерлердің күштік құрылымдармен жиі қақтығысуымен танымал болған Исатай ауданы Жанбай селосында полиция бөлімшесі ашылды. Атырау облыстық ІІД- нің аудан орталығы Аққыстауаа АІІБ көмек ретінде тірек пунктінің құрылысы мен Азғырда полиция учаскесін ашуды жоспарлап отыр.
Жаңадан ашылған жанбайлық полиция учаскесінде 13 учаскелік инспектор жұмыс істейтін болады.
Аян ДҮЙСЕМБАЕВ, Атырау облыстық ІІД бастығы:
Бұл полиция учаскесінде Жанбай, Забурын, Нарын, Исатай селоларының тұрғындарына қызмет көрсетілетін болады.Жалпылай алғанда бұл елді мекендердегі 8500 ге жуық тұрғын бұрын өз өтініштерін айту үшін аудан орталығына қатынайтын. Қазір барлық түйіткілдер жергілікті жерде шешілетін болады
Жанбайда заңсыз балық аулаудан бөлек, мал ұрлығы да жиі тіркелетін. Жаңа учаскені Жұмагелді ХАНГЕРЕЕВ басқаратын болады. Сонымен қатар бөлімшеге үш қызметтік көліктің кілті табысталды.
Фархат ӘБІЛОВ
Фото: Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі