Атырау, 28 қараша 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресей мен Солтүстік Корея дипломаттары Мәскеуде кездеседі

2 177 просмотра

Мария Захарова, Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

Ресей мен Солтүстік Корея дипломаттары 29 қыркүйекте кездесіп, Корей түбегіндегі дағдарысты талқылайды деп хабарлады Ресей билігі.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова министрліктің ерекше тапсырмалар жөніндегі арнайы өкілі Олег Бурмистров Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігі Солтүстік Америка департаментінің директоры Цой Сон Химен кездесетінін айтты. "Кездесуде тараптар Корей түбегі мен Солтүстік-Шығыс Азияда қалыптасқан жағдайларға қатысты пікір алмасады" деді Захарова.

Соңғы уақытта Солтүстік Кореяның ядролық қару мен баллистикалық зымыран сынауды жиілеткеніне байланысты шиеленіс күшейді. Пхеньян мен Вашингтон басшылары бір-біріне қатты мәлімдемелер жасады. Осы айда Солтүстік Корея қуатты сутегі бомбасын сынаған соң БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға жаңа санкциялар салған.

Дереккөз: Азаттық

29 қыркүйек 2017, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.