Атырау, 9 желтоқсан 03:21
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Илон Маск жолаушыларды Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта жеткізуге уәде берді

Бейнежазба
1 753 рет қаралды


Америкалық бизнесмен әрі инженер Илон Маск қайтарылатын зымырандар мен ғарыш кемелерді қолдана отырып, жолаушыларды Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта жеткізетін көліктің концепциясын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

SpaceX және Tesla жобаларының авторы инженер Марсқа ұшу үшін дайындалған BFR зымыраны жайлы видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. "Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта ұшып барыңыздар. Бір жолаушы үшін мұндай кеменің бағасы ұшақпен ұшқанда төленетін бағамен тең", - деп жазған Маск. Видеода кеменің жолаушыларды Нью-Йорктен Шанхайға 39 минутта жеткізетіні айтылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz


29 қыркүйек 2017, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.