Атырау, 28 қараша 19:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәскеуде Алексей Навальныйды полиция тұтқындады

2 260 просмотра


Мәскеуде ресейлік оппозиционер Алексей Навальный "бірнеше рет рұқсат берілмеген акцияға қатысуға шақырғаны" үшін тұтқындалды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне ішкі істер министрлігінің Мәскеу бойынша бас басқармасы хабарлаған.

Навальныйдың жұма күні таңертең үйінің алдынан, Нижний Новгородтағы митингіге қатысу үшін вокзалға шыққан кезінде ұстаған. Полиция оны үйінің подъезінде себепсіз ұстаған. "Қарт Путин менің Нижний Новгородтағы митингіге барғанымды қаламайды" деп жазды Навальный Instagram-да.

Нижний Новгородта полиция қызметкерлері мен Росгвардия жасақтары бүгін таңертең Навальныйдың митингісі өтетін Маркин алаңына орнатылған сахна мен құрал-жабдықтарды бұзды. Қала билігі бұл алаңды 29 қыркүйекте митинг өткізуге ұсынған болатын. Бірақ акция қарсаңында қала мэриясы бұл алаңда спорт фестивалі болатынын хабарлады.

Алексей Навальный Ресейде 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатыспақ ниетте. Саясаткер қазір Ресей қалаларында үгіт-насихат кампаниясын жүргізіп жатыр. Хабаровскідегі кездесуге дейін ол Владивосток, Екатеринбург, Мурманск, Омбы, Новосибирск және Хабаровск қалаларында жақтастарымен кездескен. Кездесулерге мыңдаған адам қатысқан.

Навальный билікті өзінің жақтастарымен кездесуіне кедергі келтіріп жатыр деп айыптайды. Навальный Хабаровскіге барар алдында белгісіз біреулер қалада оппозиционер туралы жалған үгіт-насихат плакаттарын іліп кеткен. Ал акция кезінде саясаткердің микрофонын өшіріп тастаған.

Дереккөз: Азаттық


29 қыркүйек 2017, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.