Атырау, 27 қараша 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тоңа бастадық

1 783 просмотра


28 қыркүйекке қараған түні Атыраудағы ауа температурасы биылғы рекордтық 5 градусқа дейін төмендеді. Жеке сектордың кейбір тұрғындары баспаналарын жылытуға кірісті.

Әлеуметтік нысандарға (балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға) жылу 1 қазаннан бастап берілуі тиіс.

Ал көппәтерлі үйлерді жылумен қамту 15 қазаннан басталатыны белгілі. Бірақ сыртқы ауа температурасы бірнеше күн бойы 8 градустан аспаса, қалалық әкімдіктің шешімімен ерте де басталуы мүмкін. Қалай дегенмен де, ПИК үйішілік жүйелердің жылыту маусымына дайын екендігі туралы мәлімдеуі тиіс.

Облыстық ТЖД ақпары бойынша, 17 қыркүйекте Атырауда жаңа жылыту маусымында табиғи газбен уланудың алғашқы жағдайы тіркелді. Қала маңындағы Бірлік-2 поселкесіндегі Жарылғасұлы көшесінде тұратын 29 жастағы ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жеңіл дәрежеде уланған деп белгілеп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегуші үйіне жіберілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қыркүйек 2017, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.