Атырау, 2 мамыр 12:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Балалар табылды

2 754 рет қаралды
Көрнекі сурет.


28 қыркүйек күні сағат 20.30-да Мақат АІІБ-не жергілікті тұрғын әйелден 4 жасар қыз бала мен оның 5 жасар немере ағасының жоғалып кеткені жөнінде арыз түсті.

Бірден іздеу жұмыстарына кіріскен полиция балаларды бірнеше сағаттан соң басқа аудан орталығынан - Құлсары қаласынан тапты.   

Балаларды аулада ойнап жүрген жерінен 27 жастағы әйел таксиге салып алып кеткен. Кейін оның облыстық жүйке аурулары диспансерінің есебінде тұрғаны анықталды.  

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА:

- Балалар аналарына қайтарылды. Оларды алып кеткен әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Фархат ƏБІЛОВ

29 қыркүйек 2017, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.