Атырау, 2 мамыр 17:29
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Дональд Трамп кортежі көлік апатына ұшырады

2 053 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежі көлік апатына ұшырады - деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

АҚШ-тың Индиана штатына салық реформасына байланысты сөз сөйлеуге барған Дональд Трамп кортежі Индианаполис әуежайына барар жолда апатқа ұшыраған. Салдарынан кортежді бастап келе жатқан мотоциклдегі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақатын алған. Индиана штатының ресми органдары ел президенті кортежінің қатысуымен болған көлік апатына кімнің кінәлі екендігі жайында ешқандай мәлімдеме таратпаған. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Дональд Трамп ұшағы болған жағдайға қарамастан Уашингтон әуежайына белгіленген уақытта келіп қонған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


28 қыркүйек 2017, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.