Ирак билігі Күрдістанға ультиматум қойды - деп хабарлайды Alsumaria телеарнасы. Ресми Бағдад өзінің келісімінсіз Күрдістан билігі референдум өткізгеннен кейін, Күрдістанға 72 сағат ішінде барлық шекара бекеттерін және әуежайларды Ирак әскерінің иелігіне қайтарып беруді талап етіп, ультиматум қойды.
Бұл мәселеге байланысты Ирак премьер-министрі Гейдар әл-Абади: «Егер Күрдістан билігі үш күн ішінде өз иелігіндегі барлық әуежайларды федералды билікке қайтарып бермесе, біз Күрдістанды сырт әлеммен байланыстыратын барлық халықаралық рейстерді тоқтататын боламыз» - деген.
Естеріңзге салайық, қыркүйектің 25-і күні Ирак Күрдістаны тәуелсіздігін жариялауға байлынысты референдум өткізген болатын. Оған жергілікті халықтың 76 пайызы қатысқан. Алдын-ала болжамдар бойынша, дауыс берген халықтың 90 пайызы дербес ел болуды қолдаған.
Дереккөз: qazaqtimes.com