Атырау, 28 қараша 20:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Макрон ЕО-ның ортақ армиясын құруды ұсынды

2 048 просмотра


Франция президенті Эммануэль Макрон (суретте) Еуропа Одағын (ЕО) Ұлыбритания одақ құрамынан шыққаннан кейінгі өзінің реформалау бағдарламасымен таныстырды.

26 қыркүйекте Парижде Сорбонна университетінің студенттері алдында сөйлеген Макрон 2020 жылға қарай ЕО-ның ортақ армиясын құрып, ортақ қорғаныс бюджетін және әскери доктринасын қабылдауды ұсынды.

Франция басшысы миграциялық проблемаларды шешуде босқындарды қабылдау процедурасын жеңілдету және ЕО-ның шекара полициясын кезең-кезеңімен құру үшін босқындар ісі жөніндегі біртұтас еуропалық агенттік құру қажетін айтты.

Экономикаға қатысты Макрон Еуропаның қаржы жүйесін күшейтудің ортақ валюта - еуроны нығайтудан басқа жолын көре алмай тұрғанын мәлімдеді.

Эммануэль Макрон корпоративтік салықтың бірыңғай жүйесін енгізуді және әр мемлекет үшін ең төменгі жалақы деңгейін анықтауды да ұсынды.

Франция президенті сөзін "Болашағымызға кепілдік беретін жалғыз жол - ол тәуелсіз, біртұтас және демократиялық Еуропаны қайта жаңғырту" деп аяқтады.

Дереккөз: Азаттық

27 қыркүйек 2017, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.