Атырау, 27 қараша 02:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Негізгі көшелерді қалдырып кеткен - 2

4 022 просмотра


Атырау әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ жол салу жобаларында 16 жыл бұрынғы баға өлшемінің пайдаланылуы туралы, сондай-ақ, осы мәселе бойынша басқа да «АЖ» редакциясының сауалдарына жауап берді.

- Неліктен жобаларда 2001 және 2014 жылдар аталған?

- Атырау қаласының жолдарын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттама 2014 жылы әзірленді. 8.02-02-2002 құрылыс нормаларына сәйкес, смета жасалған кезде еңбекақы төлеу шығындары, материалдар мен қызметтердің бағалары және тарифтері ҚР инвестициялық-құрылыс саласындағы 2001 жылы белгіленген ахуал бойынша қабылданған формула қолданылған.

- Содан бері қарай жұмыс параметрлері, жол параметрлері, материалдардың бағалары қалай өзгерді? 2001 жылы асфальт жолының 1 шаршы метрі қанша болды, қазір қанша?

- Асфальт төсеу технологиясы жыл сайын жақсаруда, жаңа материалдар, техникалар пайда болды. Бұл автомобиль жолдарының құрылыс сапасы мен мерзімін едәуір жақсартады. Алайда, асфальт жабынның пайдалану мерзімі тікелей жүктемеге, қозғалыс қарқындығына, ауа райына және т.б. тікелей байланысты болады. Қала кеңеюде, көлік саны күн сайын өсіп жатыр. Осыған байланысты қала жолдарын пайдалану мерзімі де қысқарады. 1 шаршы метр асфальт-бетон жабынды төсеу шығындарының құны бүгінде ағымдағы индекстерді 2001 жылмен салыстырғанда 2,9 есеге өсті. 

- Осы жылдың жобаларына пайдалану үшін 2001 жылғы мәліметтер қажет пе?

- Қажет емес.

- Жол салу маусымының қорытындысы туралы айтсаңыз.

- Осы жылы Атырау қаласының аумағында 1 млн 206 мың шаршы метрден астам автокөлік жолдарын асфальттау жоспарланып отыр. Автокөлік жолдарын салу маусымы әлі аяқталған жоқ, қорытынды кейінірек жасалатын болады.

- 2017 жылдың күзіндегі жол салу тендеріне құжаттама қандай сомаға әзірленіп жатыр?

- Қазір «Атырау қаласындағы Көкарна поселкесінің автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын салу» жұмысының жобасы әзірленіп жатыр. Ол мемлекеттік сараптамадан өтеді. Бұл жердегі автокөлік жолдарын салу жұмыстарының алдын ала құны 714 млн 102 мың теңге. Кесімді құны сараптамадан кейін анықталатын болады.

- Көкарнадағы №4 көше не болады?

- Бұл көшенің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазір сараптамадан өтуде.

Қала әкімінің орынбасары Өркен-2 көшелеріндегі №36 және 38 көшелерде қашан асфальт болатыны туралы сауалға жауап бермеді. Бұл туралы жергілікті тұрғындар «АЖ» жарияланымында сұраған еді. Бірақ дүйсенбі күні қалалық ТКШ бөлімінің қызметкері қоңырау соғып, ол жердегі жұмыстар 2 аптадан соң басталады деп қысқа ғана жауап берді. Осы мәселе бойынша Жұмыскер ауылдық округінің әкімдігінде былай деп хабарлады: 

- Ауылдық округте №38 екі көше бар. Өркенде бұл көшенің ұзындығы 150 метр болатын бөлігі асфальтталмай қалған, Өркен-2-де мұндай нөмірлі көше мүлдем асфальтсыз қалған. Бірақ ол ағымдағы жылдың көшелер тізіміне енгізілген. Өркен-2 поселкесіндегі №36 көше бойынша бұл мәселе әзірге ашық күйде. Қалалық әкімдік ауылдық биліктерден асфальтсыз қалған көшелер мен көше бөліктері туралы ақпарат сұрады. Бұл жердегі тағы бір жаңылыстық - жол құрылысы қатарынан «І және ІІ санаттағы жолдарды күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары» және «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» деп аталатын екі мемлекеттік бағдарлама бойынша жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қыркүйек 2017, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.