23 қыркүйекте Мақат аудан орталығында ақын әрі «Мұнайшы» газетінің редакторы Қажымұқан ЕЛЕМЕСТЕГІНІҢ өмірден өткеніне он жыл толуын атап өтті.
Баршаға бақыт тілеп жатайын мен,
Доссордың топырағын жамылып ап! – деген ақынның өлең жолдарын жұртшылық арасында жиналған аудандардан және Атыраудан келген әріптестері еске алды.
Белгілі журналистің құрметіне аудандық әкімдік пен «Мақат тынысы» газетінің редакциясы түрлі мәдени шаралар ұйымдастырды. Оның қолжазбалары, жәдігерлері, жеке құжаттары сақтау қорына ұсынылды.
Қажымұқан Елеместегі журналистік қызметке мектепті бітіре салысымен араласып, кейін ҚазҰУ тәмамдады. Сонау 1990 жылдардан бастап Мақат аудандық «Мұнайшы» газетінде редактор болып еңбек етті. 55 жасына қараған шағында мәңгіліктің мекеніне аттанды, бірақ, өзіндік қолтаңбасы бар публицист, ерекше ақын ретінде артында мәдени мұра қалдырып кетті.
Жеке ақпарат