Атырау, 27 қараша 02:27
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Экономикалық тергеу қызметі: уылдырық, ойын, алкоголь

5 995 просмотра


Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі үстіміздегі жылдың сегіз айында  206 қылмыстық іс қарап,  нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығынның 370,4 млн теңгесі өтелген. Бұл туралы брифингте айтылды.

Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дәулет АҚЫЛБЕКОВТІҢ айтуынша, жыл басынан бері ҚР ҚК 339-бабы бойынша («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») үш іс қаралып, сотқа жолданған.  

Мәселен, бекіре тұқымдас балықтың 3 келі, 200 грамм уылдырығын сатқаны үшін Е. Рахматуллин сот үкімімен кінәлі танылып, оған 500 АЕК көлемінде (1 млн 134 мың 500 теңге) айыппұл салынған.

Уылдырық бойынша келесі іс - бекіре тұқымдас балықтың 5 келі 200 грамм уылдырығын сатқан азамат С. Каримов сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 550 АЕК көлемінде (1 млн 247 мың 950 теңге) айыппұл салынған. Осы бап бойынша үшінші іс - бекіре тұқымдас 19 келі балықты сатқан азамат А. Жолдасқалиға қатысты қылмыстық іс қаралуда.  

Ал параға коммерциялық сатып алу (коммерческий подкуп) фактілері бойынша алты қылмыстық іс тіркелген. Жыл басынан бері заңсыз ойын бизнесі бойынша 42 іс қаралған. Мәселен, жақында Атырау қаласының орталығында орналасқан ғимаратта астыртын казино әшкереленген. Жабдықтардан бөлек, 68 110 АҚШ доллары мен 18 млн 821 мың 980 теңге тәркіленді. Бұл іс бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Ақылбеков, сондай-ақ, облыс аумағына алкоголь өнімдерін заңсыз тасымалдау деректерінің бар екенін айтты. Заңсыз тасымал, әсіресе, еліміздің шекарада орналасқан аумақтарда жиі кездеседі. Жыл басынан бері осындай төрт қылмыстық іс қозғалып, 626 бөтелке алкоголь өнімі сауда айналымынан жойылған.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті түсірген автор

25 қыркүйек 2017, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.