Атырау, 28 қараша 20:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

CIT: Ресей Идлибтегі азаматтық нысандарды тағы атқылады

1 501 просмотра


Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу тобы Ресей авиациясы өткен аптада Сирияның Идлиб провинциясында майдан шебінен кәдімгідей қашықтағы азаматтық нысандарға кем дегенде бір рет әуе соққысын жасағанын растады. CIT мұндай қорытындыны әлеуметтік желілерде жарияланған әуе соққысының видеосын талдаған соң жасады.

Зерттеушілер 20 әлде 21 қыркүйек күнгі әуе соққысы Хан-Шейхун қаласында жасалғанын айтады. Хан-Шейхун ұрыс қимылдары жүріп жатқан ауданнан 15 километр қашықта орналасқан. CIT сонымен қатар ұрыс шебінен 30 километр қашықтағы Маарет-Хорма елді мекеніне де әуеден соққы жасалғаны туралы мәлімет келтірген. Ресей авиациясы екі жағдайда да кассеталық бомба қолданған деген болжам бар. Атқылауға ұшыраған елді мекендер деэскалация аймағының құрамында.

Сириялық адам құқығының бұзылуына мониторинг жасайтын орталық бұған дейін 20 және 21 қыркүйекте Идлиб және Хама провинцияларында Ресейдің әуе соққыларынан 20-дан астам адам қаза тауып, ондаған адам жараланғанын хабарлаған. Ресей қорғаныс министрлігі Идлибтегі әскери қимылдар осы аймақтағы "содырлардың кең ауқымды шабуыл жасауымен байланысты" жасалғанын мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық


25 қыркүйек 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.