Атырау, 27 қараша 02:38
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Пробация орталығы ашылды

3 148 просмотра


Атырау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің пробация қызметінің ғимаратында Пробация орталығы ашылды. Мұнда түрмеден босап шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар орталық жұмыспен қамту орталығымен, әділет, денсаулық сақтау департаменттерімен, білім беру басқармасымен бірлесіп, бұрынғы сотталғандарға жасына немесе басқа да себептерге байланысты тиесілі зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін құжаттар дайындауға көмектеспек. 

Ольга ПРИДАНОВА, Атырау облысы бойынша пробациалық қызмет бөлімінің бастығы:

- Пробациялық қызмет орталығының ашылуында 34 сотталған жүгінді, олардың үшеуі психологпен әңгімелессе, төртеуі денсаулығына байланысты дәрігерлерден кеңес алды, ал 23-іне жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ақпарат алды.

Қазір бұл мекеменің есебінде облыс бойынша 1000-ға жуық адам есепте тұр. Олар белгіленген мерзімде осы орталыққа келіп, өздерінің Атырау облысының немесе қаласы аумағында тұрғандарын растауы керек.

Фархат ӘБІЛОВ

Фото: облыстық прокуратураның баспасөз қызметі  

25 қыркүйек 2017, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.