Атырау, 3 мамыр 03:17
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Швейцарияда тау ауасы сатыла бастады

1 328 просмотра


Швейцарияда аэрозольды баллондардағы таза тау ауасын сатумен айналысатын компания пайда болды. Компания өз өнімдерін ластанған қалаларға ұсына отырып, әлем нарығына шығуды көздеп отыр, деп хабарлайды rg.ru. 

Swiss Alpin Air компаниясы өнімдерінің мойындалып, тұтынушылардың сұранысына ие болатындығына сенімді. Қазіргі уақытта тау бұлақтарынан алынған бөтелкелердегі таза су әлем бойынша тұтынушылардың көлемді сұранысына ие болып үлгерген. «Жыл сайын швейцариялық Альпі тауларына таза тау ауасымен тыныстау үшін әлемнің әр елінен туристер ағылып келеді. Бұл бізде бар альпі ауасын экспорттаудың жай ғана мысалы», - дейді компания өкілдері. 

Осылайша, өндіруші сатылымға тыныстауға арналған арнайы маскалы 7 литрлік бөтелкелерді шығарып, бір данасын 21 долларға сатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жобаға инвесторлар іздестірілуде. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


25 қыркүйек 2017, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.