Атырау, 28 қараша 20:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Дональд Трамптың «мұсылмандарға салған тыйымы» немесе Америка тағы қай елдің азаматтары үшін алыстай түседі

3 725 просмотра


АҚШ Үкіметі азаматтарына Америкаға кіруге тыйым салынған елдердің қатарын Солтүстік Корея, Венесуэла және Чад мемлекеттерімен толықтырды. Ақ үй бұл шешімді аталған мемлекет үкіметтерінің мәлімдемелеріне қарап, қабылдағанын түсіндірді. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.  

Дональд Трамп өзінің твиттер парақшасында: "Американың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - менің нөмірі бірінші қызметім. Біз өзіміз сенім арта алмайтын елдің азаматтарын қабылдай алмаймыз", -деп жазды. 

Осы тұста Венесуэлаға қарсы қолданысқа енгізілген шектеулер тек билік өкілдері мен олардың отбасыларына қатысты екенін ескертіп өткен жөн. Осыған дейін Дональд Трамптың қытығына тиген елдердің қатарында Иран, Сүрия, Ливия, Йемен мен Сомали болған. Соңғы шешім бойынша осы елдердің тізімін толықтырып тұрған Суданға салынған тыйым алынып тасталды. Дональд Трамптың алты бірдей мұсылман мемлекетін қамтитын тізімі көп таласқа түсіп, талқы тудырған шешім болды әрі "мұсылмандарға салынған тыйым" деген атау алды. 

Америка үшін "сенімсіз" деп табылған үш мемлекеттің азаматтарының АҚШ-қа сапарын шектеудің негіздемелері төменде берілген: Солтүстік Корея - Америкамен ешқандай саяси, дипломатиялық, экономикалық байланысы жоқ мемлекет саналады. Соңғы шиеленіскен қарым-қатынастар мен соғыс қаупі туралы болжамдар кезінде, АҚШ-тың КХДР-ды "ұнатпау" себебін түсіндіру артық шығар. 

Чад - терроризмге қарсы күресті қолдайтын мемлекет болғанына қарамастан, АҚШ-тың күдік тудырған азаматтар мен террорлық акт фактілеріне қарсы пайдалы ақпараттар беру туралы сұранысын қанағаттандырмай отыр. 

Венесуэла - билік өкілдерінің сәуір айынан бастап жалғасып келе жатқан көтерілістер мен демократияға қарсы жасаған әрекеттерін  АҚШ қолдамайтынын осылай білдіреді.

Дереккөз: qazaqtimes.com


25 қыркүйек 2017, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.