Атырау, 27 қараша 02:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қашағанда не болды?

Толықтырылды
2 908 просмотра


Бейресми дереккөздің ақпараты бойынша, Қашағандағы «А» аралында шамамен 1,5 ай бұрын күкіртсутек шығарындысы орын алғаны туралы ақпарат келіп түсті. Және дереккөздің айтуынша, аралдағы жұмысшылар эвакуацияланған.

Біз бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін анықтау үшін Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясына редакциялық сауал жолдадық. Консорциумның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады, дегенмен, «кейінірек тексеру жүргізілетінін» хабарлады.

Сонымен қатар, NCOC былтыр қыркүйекте «А» аралында алғашқы ұңғымаларды NCOC қайта іске қосқаннан бері компания 6 миллион тонна мұнай өндіргенін айтады. Пайдалану беріктігін айғақтайтын жүйенің жүктемесінің көптігі болжамдық көрсеткіштерден асады. 2016 жылы өндірістік операциялар басталғалы бері «ҚазТрансГаз» АҚ-ның құбыр желісі арқылы 1,7 млрд текше метр газ экспортқа айдалған. Шикі газды айдау биыл тамыздың ортасында басталды. «Біз жүйені сынақтан өткізуді жалғастырудамыз және Қашағандағы мұнай өндіру деңгейін арттыру мақсатында айдалатын газдың көлемін біртіндеп өсіруді және оңтайландыруды жоспарлап отырмыз» делінген баспасөз қызметінің комментариінде.

Ал, жаңа ғана  NCOC-дан қосымша хабарлама келді:

«НКОК Н.В.» компаниясы 31 шілдеде А аралында жалпы қауіп-қатер дабылы іске қосылғанын, нәтижесінде А аралындағы барлық жұмысшылар қауіпсіздік шараларына сәйкес жиналу пункттеріне барғанын растады. Қауіптің жоқ екені белгілі болған соң жұмысшылардың барлығы өздерінің жұмыс орындарына қайта барды». 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

22 қыркүйек 2017, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.