Атырау, 27 қараша 01:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ауа ластаушылар әлі іздестірілуде

3 086 просмотра


Бүкіл тамыз бен қыркүйек бойына Атыраудан өнеркәсіптік тұрғыдағы жағымсыз иіс кетер емес. Бізге белгілі болғандай, 25 тамызда Атырау облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қалалық әкімдік пен Экология департаментіне ауада зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) едәуір асып кеткені белгіленген хат жолдаған.

Хатта атмосфералық ауаға мониторинг жасау Атырау қаласындағы  стационарлық 24 бекетте жүргізіледі деп хабарланған.  «24.08.2017 жылы Атырау қаласының қоныстану аймағында мұнай өнімдерінің иісі қатты шығуына байланысты атмосфералық ауаға 120 зерттеу жүргізілді. Соның нәтижесінде көмірсутек, метан, гексан және бензол бойынша зиянды заттардың шекті рұқсат етілген деңгейден асқаны анықталды. Ауаны ластау көздері анықталған жоқ. Ластаушы көздерді анықтап, ахуалды түзету шараларын алуды сұраймыз».

Мен бұл хат туралы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВТАН сұрағанымда, ол ауа құрамы біздің жұмысымыз емес деп, әңгіме бітті деген сыңай танытты. Ресми құжатқа қатысты қандай құпия бар? Оның үстіне, ол департамент кеңсесінде тіркелген. Бәлкім, осыған дейін «АЖ»-ның ресми сауалына Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ресми түрде ауа құрамында ШРК асу тіркелмеді деп жауап бергендіктен шығар?

Атырау облыстық экология департаментінің бастығы Қабижан ҚАПАНОВ өз кезегінде Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен хаттар алғанын растады:

- Онда баяндалған бүкіл мәліметтер жақында жүргізген тексерулер барысында ескерілді. Тексеру нәтижелері таяу уақытта жарияланатын болады.

Фархат ӘБІЛОВ  

Cуретті түсірген автор

22 қыркүйек 2017, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.