Украина президенті Петр Порошенко Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясының жиынында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті.
Трамптың сөзінше, ол Порошенкомен соңғы кездескен маусым айынан бері Украина кәдімгідей алға ілгерілеген. АҚШ президенті Украинада өмір "жақсарып келе жатқанын", ал халықаралық компаниялар Украина нарығының әлеуеті зор деп білетінін айтты.
Порошенко Украинаның АҚШ-пен қауіпсіздік және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастығын жоғары бағалап, екі ел арасында сауда айналымы көлемінің артқанын айтты.
Порошенко кездесуден соң өткізген брифингте журналистерге Трамп өзінің Украина шығысындағы қақтығыс аймағына, оның ішінде Ресей-Украина шекарасы бойына БҰҰ бітімгерлік күштерін орнату бастамасын қолдағанын мәлімдеді.
Дереккөз: Азаттық