Атырау, 28 қараша 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Лукашенко: Ресей әскері "Батыс-2017" біткен соң еліне қайтады

2 475 просмотра


Беларусь президенті Александр Лукашенко ел аумағында Ресеймен бірлесіп өткізіліп жатқан "Батыс-2017" жаттығуы аяқталғаннан кейін ресейлік әскерилер еліне қайтады деп мәлімдеді. Лукашенко бұл туралы 20 қыркүйекте Борисов қаласына әскери жаттығуларды бақылау үшін барғанда айтқан.

Беларусь президенті Александр Лукашенко ел аумағында Ресеймен бірлесіп өткізіліп жатқан "Батыс-2017" жаттығуы аяқталғаннан кейін ресейлік әскерилер еліне қайтады деп мәлімдеді. Лукашенко бұл туралы 20 қыркүйекте Борисов қаласында айтқан.

Беларусь аумағында және Ресейдің батыс өңірлерінде өткізілген "Батыс-2017" әскери жаттығулары осы аймаққа көрші, НАТО ұйымына мүше елдердің алаңдаушылығын туғызған. Бұған Мәскеудің 2014 жылғы көктемде Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алуы және Украинаның шығысындағы жанжалда ресейшіл сепаратистерге қолдау танытуы негіз болып отыр.

Лукашенко бұл жаттығулар ешбір елге қауіп төндірмейтіні туралы айтқанын осы жолы тағы қайталады. Ол Ресей әскері Беларусь жерінде қалмайды деп сендірді. Бақылаушылардың пікірінше, оның бұл мәлімдемесі Батыс елдерінің көңілін жайлауға және "ресейлік оккупация" қаупі жоқтығына өз отандастарының көзін жеткізуге бағытталған.

Дереккөз: Азаттық

21 қыркүйек 2017, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.