Атырау, 28 қараша 18:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Олимпиада ойындары Париж бен Лос-Анжелесте өтеді

5 572 просмотра


Жуырда Перудің астанасы – Лимада Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 130-шы сессиясы өтіп, осы жиын барысында 2024 және 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары қай жерлерді өтетіні жайында айтылды.

2024 жылғы XXXIII Олимпиаданы Париж қабылдайды. Бұған дейін айтулы шаһарда жазғы ойындар екі мәрте ұйымдастырылған болатын. Бұл бәсекелер 1990 және 1924 жылдары өтті. Міне, енді арада тура бір ғасыр өткеннен соң төрткүл дүниенің ең үздік спортшылары қайта Францияда бас қосады. Сондай-ақ бұл мемлекетте қысқы Олимпиаданың алауы үш мәрте тұтанды. Бұл бәсекелер 1924 жылы – Шамони, 1968 жылы – Гренобль және 1992 жылы – Альбервиль де өтті.

2028 жылғы XXXIV жазғы Олимпиада ойындарының алауы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұтанады. Калифорния штатының орталығында да  осындай дүбірлі дода үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Алғашқысы – 1932 жылы, екіншісі – 1984 жылы өткен еді. Әлі есімізде, сексенінші жылдары КСРО мен АҚШ арасында қырғи-қабақ соғыс өршіп тұрған тұста саясаттың салқыны спортқа да тиді. 1980 жылы америкалықтар бастаған бірқатар капиталистік мемлекеттер Мәскеу Олимпиадасына бойкот жариялады. Арада төрт жыл өткеннен соң Кеңес Одағы бастаған социалистік бағыттағы бірнеше ел Лос-Анджелеске барудан бас тартты. Сол кездегі соқыр саясаттың зардабын спортшылар қауымы молынан тартқан еді. Содан бері талай жыл өтті. КСРО деп аталатын алпауыт жер бетінен жойылды. АҚШ-тың даңқы әлі де дүркіреп тұр.

Лос-Анджелестен бөлек, жазғы ойындар АҚШ-тың Сент-Луис (1904 жыл) пен Атланта (1996 жыл) қалалары қабылдады. Ақ Олимпиаданы да  америкалықтар өз жерінде төрт мәрте ұйымдастырды. Бұл жарыстар Лэйк Плэсидте екі рет (1932 және 1980 жылдары) және Скво-Велли (1960 жыл) мен  Солт-Лейк-Ситиде бір реттен (2002 жыл) өтті.

Дереккөз: Аikyn.kz 

20 қыркүйек 2017, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.