Атырау, 28 қараша 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Солтүстік Корея: Бізді қысқан сайын біз ядролық қару бағдарламасын тездетеміз

2 550 просмотра


Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі елге салынған жаңа санкциялар пакетіне қатысты қатаң жауап берді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Солтүстік Корея БҰҰ-ның жаңа санкцияларын «аса қатыгез, этикаға, адамдыққа жат дұшпандық акт» деп бағалап, санкциялар Пхеньянның ядролық бағдарламасын тезірек аяқтауға мүмкіндік беретінін ескертті.

БҰҰ Бас ассамблеясының осы аптада ашылатын отырысында Солтүстік Корея проблемасы негізгі мәселе ретінде талқыланады.

Өткен жұмада Пхеньян Жапонияның үстімен тағы бір зымыран атып, оны қашықтық жөнінен ең жоғары сынақ деп бағалаған болатын.

Бұл сынақ жаңа санкциялар қабылдана салып жасалды. Оны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бірауыздан «барып тұрған арандатушы» әрекет деп бағалады.

«КХДР-ға санкция салып, оны қыса түсу үшін АҚШ пен оның вассалдарының іс-қимылы күшейді, бірақ ол тек мемлекеттік ядролық бағдарламаны аяқтау жұмысын тездетеді» делінген Солтүстік Корея СІМ жариялаған мәлімдемеде. Сонымен қатар онда БҰҰ-ның 11 қыркүйектегі санкциялары елдің халқын, мемлекеттік жүйесі мен өкіметін жою мақсатын көздейтін әрекет ретінде бағаланады.

Жалпы, санкциялардың мақсаты Солтүстік Кореяға мұнай өнімдері импортын шектеу арқылы отыннан қысу, сонымен қатар тоқыма өнімдері экспортын шектеу болатын.

Алайда, бірқатар сарапшылар мұндай шектеулер тиімділігі күмәнді деп есептейді. Өйткені, Солтүстік Кореяның шет елдермен сауда жасау мүмкіндігі әлі бар. Блумберг агенттігі мәліметіне қарағанда, өткен жылы КХДР экономикасы 3,9% өскен, ол өсім негізінен Қытаймен сауда арқасында болған.

Дереккөз: Baq.kz

19 қыркүйек 2017, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.