Атырау, 27 қараша 03:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жастар арасында биден жарыс өтті

Сурет
5 903 просмотра

Атыраудағы Смағұлов аллеясында биші қыздар көше баттлында өз өнерлерін паш етті. Талантты жастар дәстүрге айналған «StreetFest» - 2017 шарасына өздерінің би билеу қабілеттерін көрсетуге келген еді.


Қыздардан бөлек жігіттер де болды. Бірақ беттеріне ашық бояу жағып, шаштарын жайып жіберіп, тар джинсы киген... қыздардың биі есте қалды. Әсіресе, өздерін «Y-TT» деп атаған қыздар тобын атап өтер едім. Шараға барлығы қаладағы көше билерінің бес тобы -ABCCrew, Tomiris, SuperSonic, Hellcatsи келді. Көрермендердің қуанышына орай, олар бір-бірімен сайысып, жұп болып та, жеке-даралай да билеп шықты.

Биден басқа көрермендер битбоксерді, велосипедші балалардың қауіпті трюктерін де тамашалады. Сол маңда ең бойшаң дегендер стритбол ойнаса, шақыртумен келген шыныққан білекті жігіттер өздерінің шиыршық атқан бұлшықеттерімен тамсандырды.

Дегенмен, көрермендер де қалыс қалмады – шараға да қатысты, би де биледі, ал мереке аяқталар кезде тіпті құтыдағы бояумен сурет те салды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

18 қыркүйек 2017, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.