Атырау, 28 қараша 18:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Өзбекстан 50 мың Мьянма мұсылманына гуманитарлық көмек жіберді.

1 943 просмотра


Өзбекстан Республикасы Мьянма мұсылмандарына гуманитарлық көмек жіберді. 

Бүгін қыркүйектің 18 күні Бангладеште орналасқан Қызыл жарты ай ұйымының штаб пәтерінде Өзбекстан ұсынған 8 мың отбасыға арналған гуманитарлық көмекті қабылдау алу іс шарасы өтетін болады. Оған Бангладештегі Өзбекстан елшісі Фарход Арзиев пен Қызыл жарты ай ұйымының төрағасы Хафиз Ахмед Маджумдер қатысады деп күтілуде. Өзбекстан елі жіберген гуманитарлық көмекке 14 түрлі зат кіреді. Олардың ішінде қант, сүт, күріш сияқты тамақ өнімдері мен алғашқы мединциналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрімектер бар. 

Бұл гуманитарлық көмек Мьянмада ел билігі көрсеткен қысымнан кейін босқын атанған 8 мың мұсылман отбасыға (шамамен 50 мың адамға) арналған көлемі жағынан ең аумықмды гуманитарлық көмектердің бірі. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

18 қыркүйек 2017, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.