Атырау, 27 қараша 03:14
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мас күйінде көлік жүргізсең...

4 957 просмотра


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мастық деңгейін анықтау тәртібін өзгертті. 2017 жылдың 9 қыркүйегінде күшіне енген медициналық куәландыруді жүргізудің жаңа ережелеріне сәйкес, жүргізушінің қанында алкоголь мөлшері 0,3 промилледен аспаса, оны сау деп тану керектігі  жазылған.

Жаңа ереже қабылданғаннан кейін дәрігер наркологтардың тексеруден өткізу процесі бұрынғыша қалды. Оған тек қандағы алкоголь мөлшері мен мастық деңгейі көрсетілген кесте қосылды.  Сондай-ақ, онда алкотестерлерді қолдану заңдылығын енгізген. Бұрын бұл құрылғылар туралы ештеңе айтылмайтын.    

Ережеде көрсетілген бағалау кестесі

Қандағы алкоголь құрамы, ‰ (промилле)

Бағалау

0.3 дейін

Алкоголь әсерінің жоқтығы

0.3-тен 0.5 дейін

Мардымсыз алкоголь әсері

0.5- тен 1.5 дейін

Жәй мастану

1.5- тен 2.5 дейін

Орта дәрежедегі мастану

2.5- тен 3.0 дейін

Қатты мастану

3.0- тен 5.0 дейін

Алкогольмен ауыр улану

Ал егер де алкотестер үрмей, экспертизадан өтуден бас тартсаңыз, заңға сәйкес, жүргізуші куәлігінен айрыласыз. 

Қайрат, қала тұрғыны:

  • Бұрын мас күйінде көлік жүргізгенім үшін айыппұл төлегенмін. Тіпті 2 жылға көлік жүргізу құқығымнан айырылдым. Ең сорақысы, тойдан шығып, көлікпен бір апаның аяғын басып кеттім. Мастықтан ғой. Апа кешіргенімен, заң кешірмеді. Осы жағдай сабақ болды. Бірақ, жүргізуші куәлігінен айырылып қалса да, көлік тізгіндеп жүргендерді көзіміз көріп жүр.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретте түсірген автор

Врезка

Алкотестер 1930 жылдары АҚШ-та пайда болып, өткен ғасырдың ортасында неміс фирмасымен патенттелген. Содан бері жетілдірілген алкотестер Қазақстанда алғаш полиция қызметкерлерінде болса, енді әрбір тұрғынның сатып алуына болады. Еркін саудада құны 3000 теңгеден басталып, 50-60 мыңға дейін шарықтайды. Мамандар алкотестердің қателесу ықтималдығы орташа дейді. 

18 қыркүйек 2017, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.