Нью-Йорк қаласында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон кездесті – деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметі бойынша, Лавров пен Тиллерсон арасындағы кездесу 45 минутқа созылған. Бұл жолғы кездесу АҚШ тарапының өтінішімен ұйымдастырылған және ресми статусқа ие емес. Сергей Лавров пен Рекс Тиллерсон жыл басынан бері алты рет кездескен. Бұған дейін Тиллерсон мен Лавров телефон арқылы Украина мәселесін талқылаған болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com