Атырау, 2 маусым 21:26
 дождьВ Атырау +14.4
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Аяқ-қолын байлап, өзенге тастаған

4 640 рет қаралды

15 қыркүйекте Атыраудағы су тазарту құрылғысы маңындағы Жайық өзенінен аяқ-қолы байланған киімшең ер адамның мүрдесі су бетіне қалқып шықты. Қалтасынан 1964 жылғы Ресей азаматы Сергей Павленконың төлқұжаты табылды.

Облыс прокуроры Ернат СЫБАНҚҰЛОВ хабарлағандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалған. Марқұмның Қазақстанға 10 қыркүйекте Астрахан облысынан жүк фурасымен келгені анықталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қыркүйек 2017, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.