Атырау, 27 қараша 03:34
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Премьер-министр Атырауға келді

Сурет
4 787 просмотра

ҚР премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ Атырау облысына жұмыс сапарымен келді

Бұл - оның үкімет басшысы ретінде өңірімізге алғаш рет келуі. Онымен бірге астаналық бір топ шенеунік те келді: ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ, энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ, білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ, ауыл шаруашылығы министрі Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Сауат МЫҢБАЕВ және т.б. Сағынтаев АРЕС PetroTechnic студенттерімен кездесу өткізді. Жастармен әңгімелесу премьер-министрге жақсы әсер қалдырды. Кейін ТШО-да жергілікті және шетелдік мұнайшылармен кездескен кезінде ол колледж оқушыларының дайындығының жоғары деңгейін атап өтті:



- Қазіргі кезде жас мамандарды тартуға басымдық берілу керек. Мәселен, АПЕК студенттері ағылшын тілін, соның ішінде тілді техникалық тұрғыда өте жақсы меңгерген. Осы балаларға көңіл аударуларыңызды сұраймын. Өз тәжірибелеріңізді жергілікті мамандармен бөлісу сіздердің әлеуметтік жауапкершіліктеріңіз деп түсінемін. Уақыт өте келе басқа елдердегі сіздердің жобаларыңызға баруы үшін олар өсіп, дамуы керек.

Қазақстанда жұмыс жасайтын ірі шетелдік инвесторлардың қатысы бар мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту және цифрландыру мәселелері бойынша өткен осы кездесуде премьер-министр екі мәселеге қайта-қайта оралды – қазақстандық мазмұнның үлесін көбейту және ірі жобалардан босаған жергілікті мамандарды жұмыспен қамту:

- 2021 жылға дейін барлық ірі компаниялар Жол картасын жасап, соған сәйкес барлық босағандарға жұмыс тауып беруге міндетті. Бұл мәселе қазір қалай шешіліп жатқаны туралы сұраққа әлі ешкім жауап бермеді, нақты түсінік жоқ. БКЖ-ға (болашақ кеңею жобасы) бөлінген 37 миллиард доллар өте қомақты қаржы, әлемде мұншалықты инвестиция жоқ шығар. Сондықтан барлық нәтижелерді есептеу керек. Себебі, біз әлемнің дамыған 30 елі қатарына қосылуымыз керек.

Энергетика министрі Бозымбаев бірнеше оптимистік мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қазақтандық үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары аяқталған соң мұнайды өңдеу көлемі 3 млн тоннаға, ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру 2,5 млн тоннаға артады. Әзірге жақсы жаңалықтар НКОК жақтан келуде – Бозымбаевтың айтуынша, «күкірт қыркүйекте жойыла бастайды».

Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов қазақстандық мазмұн үлесінің 26%-ды құрайтынын, негізінен олар қосалқы мердігерлер тапсырысы екені туралы мәліметтер келтірді.

Шетелдік инвесторлардың өкілдері - Karachaganak Petroleum Operating B.V. консорциумының бас директоры Ренато МАРОЛИ, North Caspian Operating Company компаниясының директоры Бруно ЖАРДЭН, «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары  Имир БОННЕР, «СНПС–Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван ЦЗЮНЬЖЭНЬ – премьер-министрмен өз кәсіпорындарын жаңғырту мен жаңа технологияларды енгізу бойынша жоспарларымен бөлісті. Алайда, қазақстандық басшылық олардың сөзінен жоғарыда қойған сұрақтарына жауап ести алмады. Премьер-министр келесі кездесуде инвесторлар ол сұрақтарға жауаптар топтамасын әзірлейтініне сенім білдірді.

Бағдарлама бойынша әрі қарай үкімет делегациясы Қарабатандағы зауыт пен Қашағандағы аралдарға баруды жоспарлаған. Түнге қарай премьер Астанаға қайтпақ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

15 қыркүйек 2017, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.