Атырау, 28 қараша 17:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мьянмадағы қырғыншылық әрекеті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқыланды

1 714 просмотра

Фото: Free Malaysia Today

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарының ісі талқыға салынды. Бұл талқы Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысында талқыланды. Кезекті талқы жиыны Халықаралық қауымдастық 9 жылдан бері алғаш рет Мьянма мәселесі тақырып етіп көтеруі болып табылады. Бұл туралы «Түрік теле-радио» қызметінің ресми сайты жазды. 

Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына қарсы әскери күш қолдану ісі жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын Эфиопияның тұрақты өкілі Текеда Алему басқарып ашты. Жиналыста Мьянма қарулы күштерінің мұсылмандарға бағытталған күш қолдану әрекеті айыпталды. Әрі кеңес мүшелері бір ауыздан әскери күш қолдануды бірден тоқтатуды талап етті. Сонымен бірге әлем елдерінен рохинджа мұсылмандарына берілетін гуманитарлық көмекті қабылдауы керек деген шешім шығарды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш пен Ұлыбритания өкілі де ашық пікір білдіріп, әскерилердің қарусыз бұқараға жасаған қырғыншылығын айыптады. Әрі, Мьянма үкіметіне өңірдегі жағдайды тез арада ретке салуын талап етті. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


14 қыркүйек 2017, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.