Атырау, 27 қараша 03:24
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

18 миллион жымқырып, 7 жылдан жаза алды

2 668 просмотра


Атырауда баспананы терможаңғырту бағдарламасы бойынша екі директор мен есепші 18 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған.

«Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бас есепшісі Нона Машаеваға, «EuroMobile Қазақстан» ЖШС директоры Ренат Кенжеғалиев пен «Кенесов М.М.» ЖК директоры Мейрамбек Кеңесовке тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салды (ҚР ҚК-нің 189-бабы) деген айып тағылған болатын. Істі қараған Атырау қалалық №2 соты үшеуін де кінәлі деп таныды.

Сотта олардың 2015 жылғы ақпан мен 2016 жылғы қаңтар аралығында баспананы мемлекеттік терможаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға арналған 18,3 млн теңгені жымқырғаны анықталды.

Сотталушы әйел интернет-банкингпен ақша аударуға болатын құпия сөз арқылы өз ЖШС-нің есепшотынан қылмыстық сызбаға қатысушылардың есепшотына бірнеше транш аударған. Сыбайластар қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны өзара бөлісіп алған.

Сот үкімімен бас есепшіге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолданып, үш жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Ер адамдарға 7 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды. Сонымен қатар, сот азаматтық талап-арызды қанағаттандырып, сотталушылардан тигізілген зиян сомасы өндіріліп алынды. Үкім заңды күшіне енді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

14 қыркүйек 2017, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.